Air Astana қазан айының соңынан бастап Ақтау, Шымкент және Астанадан Сауд Арабиясына тікелей рейстерді қайта іске қосады.
Компанияның мәліметінше, бұл қадам қажылық сапарларын ыңғайлы етуге және бизнес пен туризм бағыттарын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жаңа кесте бойынша:
- Алматы – Медина аптасына екі рет,
- Шымкент – Медина аптасына бір рет,
- Астана – Жидда және Астана – Медина екі апта сайын кезектесіп,
- Ақтау – Жидда және Ақтау – Медина жаңа бағыттары екі апта сайын орындалады.
Сонымен қатар визасыз курорттық бағыттар бойынша рейстер қайта жанданады:
- Алматы – Мале аптасына үш рет (мерекелерде бес ретке дейін),
- Алматы – Фукуок аптасына бес рет (7 желтоқсаннан бастап жеті рет),
- Астана – Фукуок аптасына үш рет.
Танымал туристік бағыттардағы рейстер де артады:
- Алматы – Дубай жетіден 12 рейске дейін,
- Астана – Дубай жетіден 10 рейске дейін,
- Алматы – Бангкок төрттен жеті рейске дейін,
- Алматы – Пхукет төрттен жеті рейске дейін.
Компания Қазақстан азаматтарына Сауд Арабиясына кіру үшін виза қажет екенін еске салды.
