Павел Дуров Қазақстанда ЖИ зертханасын ашты

Не болды?

Telegram негізін қалаған Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашты. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мәлімет

Былтыр Қазақстанда алғашқы өңірлік кеңсемізді аштық және нәтижесіне өте ризамыз. Бүгін Alem.ai ғимаратында жасанды интеллектке арналған арнайы зертхананы ашатынымызды үлкен қуанышпен хабарлаймын. Алғашқы кезекте Telegram мен Қазақстанның жасанды интеллект министрлігі іске қосқан суперкомпьютерлік кластері арасындағы бірлескен жобаны жүзеге асырамыз. Бұл технология миллиардтан астам адамға ЖИ функцияларын құпиялы, жеңіл әрі тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері осы желі үшін алғашқы ірі есептік қуат жеткізушісіне айналады деп үміттенеміз, — деді Павел Дуров Астанадағы Digital Bridge форумында.

Естеріңізге салайық, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Telegram негізін қалаған Павел Дуров Астанаға келетінін мәлімдеген еді.