Telegram негізін қалаған Павел Дуров Қазақстанға келеді

Не болды?

Telegram негізін қалаған Павел Дуров қазан айының басында Астанаға келеді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеп отыр.

Мәлімет

2025 жылғы 2 қазанда Астанада халықаралық Аlem.ai жасанды интеллект орталығы ресми ашылады. Салтанатты рәсімге президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады.

Орталықтың ашылуы аясында әлемдік IT-сарапшылар қатысатын пленарлық отырыс өтеді. Келетін қонақтар тізімі мынадай:

  • Омар Сұлтан Әл-Олама – БАӘ жасанды интеллект және цифрлық экономика министрі;

  • Илья Стребулаев – Стенфорд университетінің профессоры;

  • Кай-Фу Ли – Sinovation Ventures компаниясының негізін қалаушы және CEO;

  • Питер Норвиг – Google-дың ғылыми зерттеулер жөніндегі директоры, Стенфорд профессоры;

  • Павел Дуров – Telegram негізін қалаушы және бас директоры.

Не өтеді?

2–4 қазан аралығында Астанада халықаралық форумы өтеді. Ол жасанды интеллект, цифрлық трансформация, венчурлық капитал, ғылым және білім салалары бойынша әлемдік сарапшылардың пікір алмасатын алаңына айналады.

Алты жыл ішінде форумға 100 елден 67 мыңнан астам қатысушы келді. Алаңда мыңнан аса спикер мен 550-ден астам мемлекеттік және халықаралық ұйым өкілдері сөз сөйледі.

Анықтама

Павел Дуровбағдарламашы, миллиардер, Вконтакте және Telegram әлеуметтік желілерін жасағандардың бірі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да