Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде алдағы күндері 2 градусқа дейін аяз болады

Фото: Айгүл Хожантаева
Батыс аймақтарда ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. «Қазгидромет» синоптиктері 2-4 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік циклон ойпырының ықпалымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болжанады, 2–3 қазан күндері республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі. Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі, — делінген хабарламада.

Батыс аймақтарда ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: түнде 2–13 дейін жылынса, күндіз 20–25 жылынады.

Республиканың солтүстік-батысында түнде 1–9 аяз, күндіз  5–20-дан 10–23 жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі.

Солтүстік аймақтарда түнде 7 градус аяздан 3 градусқа дейін төмендесе, күндіз негізінен 3–13 жылы болуы ықтимал.

Орталықта түнде 8 градус аяздан 2 градусқа дейін төмендесе, күндіз негізінен 5–18 жылы болады.

Оңтүстік аймақтарда ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: түнде 2–10 жылы, күндіз 15–25 жылы. Қалған аумақтарда температуралық фонға елеулі өзгерістер әсер етуі мүмкін.

Мақалаға реакция