Қарттар күні: Қазақстанда зейнетақы жүйесі жаңартылды

1 қазан – Халықаралық қарттар күні аясында Қазақстанда зейнеткерлерге арналған әлеуметтік қолдау іс-шаралары мен инфрақұрылымдық жобалар туралы мәліметтер жария етілді.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

Қазіргі уақытта елде 2,5 миллионнан астам зейнеткер бар. Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер:

  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өсті;
  • Базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкес индекстелді;
  • Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2025 жылдан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 65%-дан 70%-ға, ең жоғарысы 105%-дан 110%-ға дейін өседі.

Елімізде 127 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Олардың қызметін 2025 жылы қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 7,5 миллиард теңге бөлінді. Мұнда йога, скандинавиялық жүріс, цифрлық сауаттылық курстары, мотивациялық тренингтер, кәсіпкерлік және ағылшын тілі сабақтары ұйымдастырылады.

1 қазаннан бастап елімізде Қарттар айлығы өтеді. Айлық аясында әкімдіктер мен ұйымдар ардагерлермен кездесулер, Ашық есік күндері және түрлі мәдени-әлеуметтік іс-шаралар өткізеді.

Айта кетейік, Халықаралық қарттар күні алғаш рет 1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен белгіленген. Мерекенің басты мақсаты – қариялардың еңбегін құрметтеу және олардың қоғамдағы рөлін арттыру.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да