Парламент мәжілісі депутат Жұлдыз Сүлейменованың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманакумов жақында депутат Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалғанын еске салды.
Осыған орай орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға парламент мәжілісінің депутаты Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменованың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, — деді ол.
Депутаттар қаулыны бірауыздан қолдап дауыс берді. Осыйлайша Жұлдыз Сүлейменованың өкілеттігі тоқтады.
Еске салайық, жуырда президент кадрлық ауыс-түйіс жасады. Мәжіліс депутаты болған Жұлдыз Сүлейменова Ғани Бейсембаевтың орнына оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалды.
