Мұрат Нұртілеу министр қызметінен кетті

Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Мұрат Нұртілеу 1976 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.

Әр жылдары ҚР сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хаттамалар қызметінің атташесі, Малайзиядағы Қазақстан елшілігінде қызметкер, сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, сыртқы істер министрінің кеңесшісі, президент әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарған.