Ермек Көшербаев сыртқы істер министрі болды

Сыртқы істер министрі лауазымына Ермек Көшербаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ақорданы мәліметінше, мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ермек Көшербаев 2025 жылғы ақпан айынан бастап премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды. Оған дейін ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі, сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да