Бүгін Қазақстанның 6 қаласында ауа ластанады

2025 жылғы 25 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар алты қалада күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

2025 жылғы 25 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.