Алматыда базардағы ірі өрт сөндірілді

Бүгін түнде Алматы қаласы Алатау ауданы, Солтүстік айналым шағынауданында, сауда базарының аумағында тез тамақтану дүңгіршегі өртеніп, от металл контейнеріне ауысты.

Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

Оқиға орнына ТЖМ алғашқы бөлімшелері жеткен кезде, бір қабатты дүнгіршектің жануы және жалынның көрші ғимараттарға таралу қаупі туындағаны анықталды.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында, өрт 50 шартшы метр алаңда жедел түрде сөндірілді. Өртті сөндіру барысында өрттен екі газ баллоны шығылды. Зардап шеккендер жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да