Қыркүйек айының соңында ауа райы астық оруға қолайсыз болады. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 23-30 қыркүйек күндері егін оратын аймақтарда ауа райы қолайсыз болады.
Қостанай, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Ақтөбе облысында 26-30 қыркүйек аралығында жаңбыр жауады, — деді экология вице-министрі Нұркен Шәрбиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Сол сияқты Батыс Қазақстан (25-29 қыркүйек), Қарағанды, Ұлытау (23-30 қыркүйек), Павлодар (23-25 қыркүйек пен 28-30 қыркүйек), Шығыс Қазақстан (23-24 қыркүйек пен 29-30 қыркүйек) облыстарында ауа райы жаңбырлы болады. Түнгі уақытта үсік жүруі де мүмкін. Ал қазан айында ауа райының орташа температурасы қалыпты деңгейде болады.
