Қостанайда курсанттардың көз жасына ерік берген сәті желіде талқыланды

Қостанай академиясының бірінші курс курсанттарының ант қабылдау сәтіндегі видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Кадрларда болашақ полиция қызметкерлері салтанатты жиын кезінде көз жасына ерік бергені көрінеді. Жас жігіттер мен қыздар сапта тұрған сәтте аналары келіп, баласын құшақтап, сүйіп жатыр.

f25149bbc1be769376954ec2d8afffd0 Қостанайда курсанттардың көз жасына ерік берген сәті желіде талқыланды
Видео скрині

Бұл сәтті көрген желі қолданушылары екі түрлі пікір білдірді. Бір бөлігі «Отан қорғаушылардың көз жасына ерік беруін» сынға алса, енді біреулері бұл қуаныш пен сағыныштың жасы екенін айтып, курсанттарды қолдады.

«Неге жылайды, өздері таңдаған мамандық қой», «Қазір балалар тым нәзік», «Жүрегі елжіреп, анасын көргенде көзіне жас алғаны табиғи нәрсе», «Енді елдің адал қорғаны болыңдар» деген секілді пікірлер жазылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да