Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Не болды?

Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өрт алтыншы күн дегенде оқшауланды.

Мәлімет

Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт ауыздықталды, — делінген ТЖМ хабарламасында.

Контекст

Алматы облысындағы қоқыс полигоны 15 қыркүйектен бері өртеніп жатыр. Өрт ошақтарының 10 метрден астам тереңде жатыр.

Өрт сөндірушілер 18 қыркүйекте жасырын өрт ошақтарын салқындатып, оқшаулауды бастаған еді.

Өрт жанып жатқан бесінші күні аумаққа топырақ төселген еді.