Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитеттің атауы өзгереді

Не болды?

Бас прокурор Берік Асылов Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитет Инвесторлардың құқығын қорғау комитеті болып өзгеретінін айтты.

Мәлімет

Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитет Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне айналады. Негізгі мақсат – ел экономикасына, соның ішінде бұрын шетелге заңсыз шығарылғанды қоса алғанда, қаражатты құюға ынталандыратын жүйе құру, — деп жазды Берік Асылов.

Оның айтуынша, инвестицияларды қорғау прокуратура жұмысының негізгі бағытына айналған. Бүгінде прокурорлар жалпы сомасы 87 трлн теңге болатын 1,5 мыңнан астам инвестициялық жобаны сүйемелдеп жатыр.

Комитет не бітірді?

Берік Асыловтың айтуынша, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңды іске асыру аясында олигополия субъектілерінен 1,3 трлн теңгеден астам қаражат өндірілген. Оның шамамен 850 млрд теңгесі мемлекет кірісіне түсті.

Қайтарылған қаражат есебінен жалпы сомасы 375 млрд теңгеге 207 су құбыры нысанының, 177 медициналық мекеменің, 14 білім беру және спорт нысанының құрылысы басталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да