Не болды?
Елімізде стоматологиялық емхана ашу қиындайды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице министрі Ербол Оспанов журналистерге берген жауабында айтты.
Мәлімет
Денсаулық сақтау министрлігі заңсыз алынған зейнетақы жинақтарынан кейін бұл саладағы тәртіпті күшейтуге бекінді.
Енді тіс емдеу емханаларын ашу жүйесіне өзгерістер енеді. Рұқсат алған емханаларды министрлік қатаң бақылайды. Бүгінде лицензия бір рет қана беріледі және оны тек сот шешімімен алып тастауға болады, — дейді вице министр Ербол Оспанов.
Контекст
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз БЖЗҚ есебінен тіс емдеу жобасы тоқтағанын жазған едік.
