Қытай компаниясы Қазақстанда қарасора өсіреді

Не болды?

Хаңкоңның Cheng Tian Run Kang Medical Limited компаниясы Қазақстанда техникалық қарасора өсіруді және оны қайта өңдеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлап отыр.

Мәлімет

Болашақ жобада инвестор тетрагидроканнабинолдың рұқсат етілген мөлшері бар (0,3%-дан аспайтын) қарасора пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл мөлшер — халықаралық стандарт. Мұндай мөлшерде өсімдіктің психоактивті қасиеті болмайды.

Инвестор шикізаттан дәрі-дәрмек, биологиялық қоспалар мен тоқыма өнімдерін шығаруды көздеп отыр.

Қытай компаниясы қарасора өңдеумен қоса, ет өңдеу саласында да өндіріс жасауға ниет білдірді. Қазақстан инвестордың жобасының барлық кезеңіне көмектесуге дайын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да