Гвардейск гарнизонында сарбаз қаза болды: қылмыстық іс қозғалды

Гвардейск гарнизонында мерзімді әскери қызметін атқарып жүрген сарбаз қаза болды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің құрлық әскерлері баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 қыркүйек күні әскери бөлімдердің бірінде тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, жас жауынгер өзіне қол салған. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Мән-жайды анықтау үшін құрлық әскерлері бас қолбасшысының тапсырмасымен арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан Республикасы қарулы күштері құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажет көмек көрсетіледі, – делінген ресми хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да