Қазақстандағы ең жоғары 5 зейнетақы қанша теңге?

Не болды?

Қазақстандағы орташа зейнетақы — 35,7 мың теңге. Алайда 900 мың теңгеден жоғары алатындар да бар. БЖЗҚ ең ірі бес төлемінің тізімін жариялады. Бұл туралы БЖЗҚ-ға сілтеме жасай отырып, Tengrinews.kz хабарлады.

Мәлімет

2025 жылғы 1 тамызда Қазақстанда зейнет жасына жеткен азаматтарға БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы орташа төлем 35,7 мың теңге болды. Алайда ең жоғары зейнетақы сомасы шектелмеген. Кейбір азаматтарда ол 900 мың теңгеден асып түседі.

Ең жоғары 5 зейнетақы (2025 жылғы 1 қыркүйектегі дерек бойынша)

  • 993 041 теңге;

  • 818 818 теңге;

  • 635 236 теңге;

  • 565 857 теңге;

  • 560 437 теңге.

Зейнетақы мөлшері не нәрсеге байланысты?

Мамандардың айтуынша, мұндай жоғары сома шығуына бірнеше фактор әсер етеді:

  • азаматтың табыс деңгейі;

  • барлық табыс түрінен толық әрі тұрақты аударымдар;

  • қосымша ерікті зейнетақы жарналарын салу.

Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесі азаматтарға өз капиталын дербес басқаруға мүмкіндік береді: міндетті 10 пайыздық жарна жеткіліксіз болса, оларды ерікті жарналармен толықтыруға болады.

БЖЗҚ мәліметінше, 2025 жылғы ақпанда Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы 993 040 теңге болған. Қазіргі көрсеткіштен небәрі бір теңгеге көп. Ал ай сайынғы орташа төлем ажыл басындағы 35,5 мың теңгеден сәл ғана көп.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін БЖЗҚ есебінен тіс емдеуге тыйым салынғанын туралы жазған едік.