Енді министрлік білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларын өзі бекітеді

Үкімет қаулысымен оқу-ағарту министрлігінің функциялары кеңейді. Енді білім беру бағдарламалары мен қабылдау тәртібін бекітеді.

Атап айтқанда, білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларын, жалпы білім берудің барлық деңгейіндегі бағдарламаларды, сонымен бірге техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қабылдау тәртібін бекіту министрлікке тапсырылды.

Аталған тізімге олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернаттар мен колледждер, сонымен қатар спортқа бейім дарынды балаларға арналған республикалық, облыстық және астаналық мектеп-интернаттар кірмейді.

Сонымен қатар ведомство білім беру саласындағы өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау қағидаларын әзірлеп, бекітумен айналысады.

Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және қосымша білім беру жүйесінде, сонымен бірге балалардың құқықтарын қорғау саласында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларын қабылдап, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады.

Қаулы күшіне енді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да