Айбек Оралбай олимпиада чемпионын жеңіп, финалға шықты

Бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай 5 дүркін әлем чемпионы, олимпиада чемпионы Хулио цезарь Ла крузды жеңді.

Осылай, Айбек Оралбай Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті. Ол финалда өзбек боксшысы Жахонгир Зокировпен жұдырықтасады.

Естеріңізге сала кетейік, Ливерпульдегі әлем чемпионатының жартылай финалында ерлер құрамасынан Махмұд Төрехан, Сабырхан Төрехан және Санжар Тәшкенбай өнер көрсетеді.