Президент бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады.

Президент Twitter-дегі жазбасында бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашалағанын жазды.

Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы!, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.