Астанадағы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот блогер әрі әнші Рүстем Жүгінісовке қатысты істі қарап жатыр.
Рүстем Жүгінісовке әкімшілік кодекстің 453-бабы бойынша іс қозғалған. Бұл бап жеке тұлғаларға 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.
Іс ашылуына Рүстем Жүгінісовтің Ақтөбедегі мешітте болған жағдайға қатысты пікір білдіргені себеп болған. Ол видеода «Қыздар мешітке бай іздеп барады» деген ой айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Эмануелла деген блогер қыз мешітте бейтаныс ер адамның оған «бір реттік неке» ұсынғанын айтқан еді. Рүстем Жүгінісов осы жағдайдан кейін қоғам сынына қалды.
