Демалыс күндері жаңбыр жауады

Ресейдің Еуропалық  бөлігінен және Оңтүстік-Каспий теңізінің жағалауынан жылжитын циклондардың және  атмосфералық  фронттар бөліктерінің  әсерінен, еліміздің көптеген облыстарында  жаңбыр  және  қатты екпінді жел соғып,  кей жерлерде желдің күші 15-25 м /с  күшейіп еліміздің оңтүстігініде найзағай күтіледі. Ауа температурасы Қазақстанның барлық аумақтарында  орташа  көпжылдық  мәндерден 3-6 ºС  жоғары болып сақталады.

Сондай-ақ, еліміздің солтүстік өңірлерінде сулы қар жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

Алматы мен Астанада апта соңында жаңбыр күтілуде.

«Алматы қаласында 22 сәуір күні жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +7,+14 градус болады. Ал елордамыз Астанада қатарынан 2 күн жауын жауып, сынап бағанасы +13-18-ді көрсетеді», — дейді «Қазгидромет» инженер-синоптигі САИДА БЕРДІБЕКОВА.

 

ДереккөзKazhydromet.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да