Доллар 479-484 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 479-484 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 26 тамызға арналған ресми бағамы – 1 долларға 482,78 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,28 теңге. Еуро – 536,66.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 480,03 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 482,5 теңге. Еуро 537–541,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 479 теңге, сатып алу құны – 484 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 539 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15–5,35 аралығында саудаланып жатыр.