Ақша айырбастау орындарында доллар неше теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 476-480 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 23 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 479,08 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,26 теңге. Еуро — 533,50

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 478,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 480,7 теңге. Еуро 531—535,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 476 теңге, сатып алу құны — 480 теңге. Еуро 528 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,21-5,40 аралығында саудаланып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да