Ауа райының қолайсыздығына байланысты сегіз облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 28 учаскесіне қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Абай облысында – сегіз учаске;
Алматы облысында – бес учаске;
Шығыс Қазақстан облысында – алты учаске;
Жамбыл облысында – бір учаске;
Жетісу облысында – бес учаске;
Қостанай облысында – бір учаске;
Солтүстік Қазақстан облысында – бір учаске;
Ұлытау облысында – бір учаске.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 658 техника және 1 429 адам жұмыс істеп жатыр.
