Алматы әуежайында әуе рейстері кешігіп жатыр

Алматы халықаралық əуежайында ауа райының қолайсыздығынан 12 əуе рейсі кешіктірілді. Бұл туралы əуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Мегаполистегі метеоахуалдың қолайсыздығына байланысты 12 əуе рейсі кешігіп жатыр. Жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз. Әуежайдың барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, — делінген хабарламада.

Алматыда таңертең басталған қар тоқтаусыз жауып тұр.

Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы 17 ақпанда түнде және түстен кейін -14…-22 градус суық болады.