Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы көтерілді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 452–456 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453,9–456,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 452–456 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 7 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 454,59 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,01 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,91–5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,92-5,02 теңгеден сатылып жатыр.