Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімін жариялады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25%-ке дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ұлттық банк хабарлады.

Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25%-ке дейін төмендету туралы шешім қабылдады, — делінген хабарламада.

Жылдық инфляция 2023 жылдың аяғына қарай бір таңбалы мәнге жеткен.

Айлық инфляция желтоқсанда орташа жылдық мәндерден біршама жоғары болды. Сыртқы инфляциялық процестер азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі мен орталық банктердің тежеу саясатына байланысты қолайлы қалыптасуда. Фискалдық ынталандырумен қамтамасыз етілген орнықты ішкі сұраныс, сонымен қатар жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан ішкі экономикада инфляциялық қысым сақталып отыр, — делінген хабарламада.

Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер инфляцияның динамикасына және оның болжамды траекториясына қаншалықты сәйкес келетініне байланысты болады.

5%-тік инфляция бойынша мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Ұлттық банк экономикадағы ақпараттар легін қадағалап отыратын болады және күтпеген өзгерістер болмаса, базалық мөлшерлемені өзгертуді тоқтата тұруды жоққа шығармай, оны кезең-кезеңімен төмендетуді жалғастырады. Сонымен бірге мөлшерлемені төмендету циклі ұзақ болуы мүмкін, — делінген хабарламада.