7 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күшеюі ықтимал.

Қостанай, Ақмола облыстарында тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей аймақтарында15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, түнде жекелеген аудандарында тұман түседі деп болжанып отыр.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде де тұман басуы мүмкін. Түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да