Жол полицейін видеоға түсіруге заң жүзінде рұқсат берілмек

Мәжілісмендердің ұсынысы бойынша, енді жолаушыларға полицейлердің мақұлдауын күтпей көліктен шығуына рұқсат етілуі тиіс.

Жүргізушілер сақшылардың әрекетін рұқсатсыз-ақ видеоға түсіре алады.

Ал, күндіз шам жағып жүру талабы сол күйі қалмақ.

Осыдан екі жыл бұрын, депутаттар жолаушылардың да еркіндігін шектеген болатын. Енді қате бастық, салондағы адамдар полицейлердің бас изеуін күтпей көліктен шығуы тиіс деп отыр. Бірақ жүргізуші бұйрық берілмейше, қозғалмауы керек.

Сондай-ақ,жүргізуші куәлігін жоғалтқан, не мерзімін өткізіп алған азаматтар енді қайта емтихан тапсырмайды. Бірақ медициналық тексерістен өтуден бас тартқан адам 3 жылға құжатынан айырылады. Ішкі Істер министрлігі бұдан былай балаларына куәлікті сыйлық ретінде әперетіндермен де шындап күреспек.

Игорь Лепеха, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

-Қала тұрғындары жақын маңдағы елді мекендердегі тіркеу-емтихан бөлімшелеріне барып жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыратын. Енді бұған тыйым салынады. Барлығы арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып ғана құжат алуы керек.

Тіпті рөлге мас күйінде отырған мүгедектердің бірден куәлігі тартып алынады. Мұндай талап бұрынғы заңда болмаған. Қысқасы, мұның бәрі ұсыныс қана. Қателіктерін енді түсінді ме, әйтеуір депутаттар өздері 2 жыл бұрын бекіткен құжатқа қайта 55 түзету енгізгелі жатыр. Ал даулы заң жобасы алдағы сәрсенбіде Мәжілістің жалпы отырысында қаралмақ.

ДереккөзKtk.kz