Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер тізімі өзгерді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі

Ескерту: Тізбе жаңа редакцияда – үкіметтің 27.03.2017 №137 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң) қолданысқа енгізіледі.

Бірінші сортты бидай ұны

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

Картоп

Сәбіз

Басты пияз

Ақ қауданды қырыққабат

Ақ қант – құмшекер

Күнбағыс майы

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

Тауық жұмыртқасы (I санатты)

Ac тұзы («Экстра» -дан басқа)

Сүзбе: майлылығы 5-9%

Бұрын осы тізімде қой еті, қызылша, түйіршіктелген қара шай, ірімшік, лапша, арпа, бидай, сұлы жармалары кіретін.

Қаулы алғаш жарияланған күнінен бастап, 10 күн өткеннен кейін өз күшіне енеді.

ДереккөзAbctv.kz