Доллар 447–451 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447–451 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 23 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 448,61 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,11 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447–451 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 447,7–450,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,97–5,11 аралығында саудаланып жатыр.