Жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 44 адамға жетті

Түнгі сағат 01.00-ден бастап Алматыда жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлі жарақат алған 44 адам медициналық көмекке жүгінді.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Олар қаланың стационарларына жеткізілді, оның ішінде 34 ересек адам, оның үшеуі ауруханаға жатқызылды, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар 10 бала медициналық көмек алды, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды, бесеуі амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.

Барлық пациент қаланың емдеу мекемелерінде білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етілді, — делінген хабарламада.

Еске салайық, төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде сезілді.

Алматылықтардың айтуынша, жерасты дүмпуі осы жолы қатты сезілді. Үйлері ұзақ уақыт бойы шайқалған. Тұрығындар үрейленіп, үйлерін тастап, далаға шығып кеткен.

Қаланың әр аймағында төтенше жағдай кезінде халық жиналатын орындардың бәрі жұмыс істеп тұрды.

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыда жақын уақытта жойқын жер сілкінісі болмайды деп сендірді.

Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының (ҚСМ) сейсмикалық стансалар желісі таңертең Қырғызстан мен Қытай шекарасында бірқатар жер сілкінісін тіркеді.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратментінің басшысы Нұрлан Атығаев түнгі жер сілкінісі кезінде сиреналар неге қосылмағанын түсіндірді.

Жер сілкінісі салдарынан 23 қаңтар күнгі сағат 03.00-дегі жағдай бойынша сегіз адам зардап шекті.