Боранға байланысты үш өңірде жол жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың бес учаскесінде автокөліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды.
Атырау облысында — бір учаске:
«Ақтөбе-Атырау-Астрахан» жолының 616-833 км, Атырау қаласы—Жұмекен ауылы арасы.
Жетісу облысында — бір учаске:
«Үшарал-Достық» жолының 84-184 км, Көктұма мен Достық стансасы арасы, 100 км.
Батыс Қазақстан облысында — үш учаске:
«Атырау-Орал» 375-492 жолының км, Чапаев кенті—Орал қаласы арасы, 117 км.
«Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» жолының 0-213 км, Чапаев кенті—Қазталов кенті арасы, 213 км.
«Атырау-Орал» жолының 189-371 км, Атырау облысы шекарасы—Чапаев кенті арасы, 182 км.
Жолды жабуға жел, боран, шектеулі көрініс, нөлден төмен температурадағы жаңбыр себеп болған.
