Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті

Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылғы 21 қаңтарда таңғы сағат 07.27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кеткен. Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмады.

Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажет көмекті көрсетеді, — делінген хабарламада.