Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы қандай?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 454–458 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz дерегінше, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 454,5—458 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 454, 5—457,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 5 қаңтардағы ресми бағамы — 1 долларға 456,09 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,00 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,87—5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,85—5,00 теңгеден сатылуда.