Тұман, көктайғақ, жел: 5 қаңтарда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстан аймақтарында 5 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, батыста, солтүстікте, орталықта бұрқасын соғып, қар жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да