Үш облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады.

Жетісу облысы – 1 учаске:

  • «Ұшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км.;

Автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысты шектеу енгізілді (боран, жолдың көрінбеуі).

Ақмола облысы -1 учаске:

  • «Екатеринбург-Алматы» 1 292-1 353 км. Жібек жолы ақы алу пунктінен – Қарағанды облысының шекарасына дейін-61 км.;

Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді (боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ).

Қарағанды облысында -1 учаске:

  • «Екатеринбург-Алматы» 1 353-1 426 км, Ақмола облысы шекарасынан – Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 км.

Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді (боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ). 

Қазіргі уақытта, Республикалық маңызы бар автожолдарда 703 техника жұмылдырылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да