Салтанат Нүкенованың мәйітіне 12 сараптама тағайындалды

Салтанат Нүкенованың мәйітіне 12 сараптама тағайындалды. Бұл туралы әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Қылмыстық іс аясында 12 сараптама тағайындалды. Оның 10-ы аяқталды. Бір сараптама осы аптада аяқталады. Жақында тағайындалған тағы бір сараптама 30 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі, — деді Талғат Уәли.

Еске салайық, 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып, өлтіргені туралы хабар тарады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаевқа қатысты екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданғаны белгілі болды.