Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 459-462 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 459,3-461,7 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 459,5-462,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 22 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 456,99 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,97 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93–5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,95-5,05 теңгеден сатылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да