Абай облысында екінші ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін екінші ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшті.

Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, Ақсуат ауданының 11 мектебіндегі 1-4-класс, екі мектебіндегі 1-9-класс оқушылары; Жарма ауданының алты мектебіндегі 1-4-класс, екі мектебіндегі 1-9-класс оқушылары үшін сабақ онлайн форматқа ауыстырылды.

Облыстың қалған аудандары мен қалаларында мектептер штатты режимде оқып жатыр.

Айта кетейік, бүгін Абай өңіріндегі жекелеген мектептерде бірінші ауысым оқушылары сабаққа барған жоқ.