Алматыда музейге баратындар саны екі есе өсті

Алматы музейлері 2023 жылы кіру билеттерін сатудан 60 миллион теңгеден астам табыс тауып, осы жылға арналған жоспарды 200% орындаған.

Бұл туралы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев музей ісін дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында мәлімдеді.

Өнер сүйер қауым үшін биыл 73 көрме ұйымдастырылды, оларды 125 230 адам тамашалады – бұл 2022 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Келу кезінде кіру билетінің бағасы 250-ден 5 000 теңгеге дейін болды. Балалар, зейнеткерлер мен студенттер үшін жеңілдіктер қарастырылған, – деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, халықаралық ұйымдармен 15 меморандумға қол қойылды, олардың барлығы саланы ілгерілетуге және дамытуға бағытталған.

Біздің көрмелер тек қала ішінде ғана емес, Оңтүстік Кореяда, Италияда және Австрияда да ұйымдастырылды. Қала басшылығының қолдауымен биыл мұражай қызметкерлерінің жалақысы 30%-ке көтерілді. Музейлерге келушілер санының екі есеге артқаны қуантады, – деді Ғани Майлыбаев.

Оның айтуынша, 2023 жылы Алматының музей қызметкерлері 25 ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, Францияның жетекші музейлерінде кәсіби біліктілікті арттыру курстарынан өтті.