Түркістан облыстық сотында Республика күніне орай салтанатты жиын өтті

Түркістан облыстық сотында Республика күніне орай салтанатты жиын өтті.
Жиынға облыстық соттың, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, басшы орынбасарының м.а. және сот қызметкерлері қатысты.

Облыстық сот төрағасы Тұрысбек Ерболғанұлы Мыятбеков іс-шараны ашу барысында жиналғандарды мерекемен құттықтап, 25-ші қазан Қазақстан үшін айшықты күндердің бірі екенін атап өтті. Бұл Қазақстан тарихындағы еліміздің құрылуы мен дамуы бастау алатын, әлем алдында дербестігімізді айқындаған күн.

Сонымен қатар бірлігімізді сақтап, іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Елімізде орнаған бейбіт өмір мен тұрақтылық — осының айқын айғағы, — деп атап өтті Т.Мыятбеков.

Жиналыс барысында мемлекеттік әнұран шырқалып, Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ақпараттық қауіпсіздіктің бас маманы Ж.Бейсеев мерекеге арналған баяндамасын жеткізді.

Сонымен қатар Шардара аудандық соттына жаңадан тағайындалған судья Сәрсенбайқызы Айкүміс ресми түрде ант қабылдады. Осыдан соң судьялар мен сот мамандары ведомстволық медальдармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.