Қор нарығында доллар бағамы қалай өзгерді?

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді.

Сауда-саттық мәліметі бойынша, доллар бағамы 20 қазан кешімен салыстырғанда 0,29 теңгеге құлдырап, 1 доллар 478,77 теңге болды.

Ұлттық банктің 22 қазандағы ресми бағамы — 1 доллар үшін 479,06 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы — 478,3 теңге, сатып алу — 480,9 теңге. Ал Астана бойынша сату бағамы — 476 теңгеден болса, сатып алу — 481 теңге.  Алматыда Ресей рублі 4,89—5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,9—5,05 теңгеден сатылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да