Доллар 468–472 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 468–472 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 468,5– 472,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 468–471 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 10 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 468,05 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,09 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,95-5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,03-5,18 теңгеден сатылып жатыр.