Алматыда 25 мыңнан астам шетел көлігі заңдастырылды

Алматыда 25 072 шетел автокөлігі заңдастырылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция мәліметінше, Алматыда мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін елімізге әкелінген шетел көліктерін бір реттік заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Биыл 23 қаңтардан бастап мұндай көліктерді мемлекеттік тіркеу жүргізіліп жатыр. Мәселен, осы науқан басталғалы Алматыда 25 072 көлік тіркелген. Бұл жұмыс 31 желтоқсанға дейін заңдастыру талаптарына сай келетін көліктер бойынша жүргізіліп жатыр, — деді Алматы қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.