Басты бетЖаңалықтарЕлімізде қанша...

Елімізде қанша шетелдік көлік заңдастырылды?

Ішкі істер министрлігі заңдастырудан өткен шетелдік көліктердің санын жариялады.

1 шілдеге дейін барлығы 205 915 шетелдік автокөлік есепке қойылды. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, заңдастырылған автокөліктердің басым көпшілігі Кеден одағының құрамындағы үш елге тиесілі. Олар:

  • Ресей – 136 636 көлік (66.3%);
  • Армения – 37 914 көлік (18.4%);
  • Қырғызстан – 22 144 көлік (10.7%).

Шетел көліктерінің басым бөлігі оңтүстік аймақтарда тіркелген:

  • Алматы қаласы – 21 115 бірлік (10,3%);
  • Ақтөбе облысы – 20 876 (10,1%);
  • Шымкент қаласы – 15 145 (7,4%);
  • Батыс Қазақстан облысы – 14 204 (6,9%);
  • Атырау – 14 197 (6,9%);
  • Қызылорда облысында – 13 695 (6,7%).

Өтінімді уақытында берген, бірақ көлікті заңдастырып үлгермеген Қазақстан азаматтырына белгіленген мерзімнен кейін заңдастыруға мүмкіндік беріліп отыр, — деді Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде.