15 қыркүйек: доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 15 қыркүйекке арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 466,18 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,85 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 465–469 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 464,5–467,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,67–4,89 аралығында саудаланып жатыр.