Қазақстанда дәрі-дәрмек 10%-ке қымбаттады

Қазақстанда дәрі-дәрмек 10%-ке қымбаттады. Бұл туралы Еnergyprom.kz хабарлады.

Биыл тамыз айының соңында елімізде фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір айда 0,3%-ке ал бір жылда 9,8%-ке өсті.

Қаңтар–шілде айларында негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі 86,7 миллиард теңге болды. Ақшалай көрсеткіштің жылдық төмендеуі 4,4%. 

Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі Шымкентке тиесілі: бір жыл бұрынғы өнім көлемі 32,7 миллиард теңге болса, биылғы өнім көлемі 26,9 миллиард теңге. Екінші және үшінші орында Алматы облысы және Алматы қаласы тұр.